Нұр-Сұлтанда 7 жасар бала су толы құдыққа құлап кетті

0
1 096

7 жасар оқушы құдықтан шыққанда дем алмай жатқан.


Нұр-Сұлтанда 7 жасар бала су толы құдыққа құлап кетті

ERNUR.KZ. 11 сәуір күні сағат 17:30-да елордада 7 жасар ұл бала су толы 4 метрлік құдыққа құлап кеткен. Ауладағы балалардың жан даусын естіген ер адам дереу құдыққа түсіп, баланы сыртқа алып шыққан деп жазады sn.kz.

1988 жылғы Талғат Сапаров есімді ер адам құдыққа түсіп, баланы сыртқа шығарып алған. Алайда оқушы дем алмай жатқан. Жедел-жәрдем келгенше оған алғашқы көмек көрсетіп, өкпесіне массаж жасаған. Бірнеше минуттан кейін бала дем ала бастаған.

Сәби № 2 ауруханаға жеткізілді. Баланы өлімнен арашалап қалған Талғат Сапаровты төтенше жағдайлар департаментінің басшысы арнайы қабылдап, алғыс айтпақ.