Нұр-Сұлтанда есірткіге тәуелді ер адам баланы ұрлап кетпек болған

0
513

Келіншекке баласын құтқарып қалуға өтіп бара жатқан адамдар көмектескен.


Нұр-Сұлтанда есірткіге тәуелді ер адам баланы ұрлап кетпек болған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда есірткіге тәуелді ер адам бір жарым жасар баланы ұрлап кетпек болған, деп жазады Stan.kz.

Бір жарым жасар баланы ұрлау әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Елордалық полицейлердің мәліметінше, оқиға 7 тамызда Бектұров көшесіндегі дүкеннің алдында болған.

Дүкеннен баласы бар арбаны сүйреп шыққан әйелдің алдынан ер адам шығап, баланы арбадан көтеріп алған. Анасы ер адамға кедергі болуға тырысқан.

Полицияның хабарлауынша, келіншекке баласын құтқарып қалуға өтіп бара жатқан адамдар көмектесіпті.

“Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. Полиция қызметкерлері Ақмола облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша ұсталған азамат есірткіге мас болған", – деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізілуде.