Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті (фото)

0
1 029

Куәгерлер үш қызды көлік астынан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ал көлікті 1986 туған әйел мас күйде жүргізген.


Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті (фото)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 34 жастағы әйел көлігімен үш адамды қағып кетті. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Біз екі жасар баланы көлік астынан шығарып алдық. Олардың бәрі бір отбасының балалары. Балалар аулада жүргенде, анасы үйінде болған. Кейіннен оқиға орнына жетті", - дейді куәгер.
Куәгерлердің айтуынша, апалы-сіңлілі бойжеткен екі қыздың жағдайы ауыр. Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін зардап шегушілерге жақын жерде тұратын дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсеткен.


Ал полиция бөлімі балалардың аман екенін мәлімдеді.


"Сағат 21:03-те 1986 жылы туған әйелдің басқаруындағы Mazda көлігі Қошығұлұлы көшесімен Бейсеков көшесі жағынан келе жатып жолдың қарсы бағытына шығып, жаяу жүргіншілер жолағында 2001, 2002 және 2018 жылы туған үш қызды қағып кетті. Зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.


Полиция дерегінше, қазіргі кезде орташа деңгейде мас болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалды.