Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады (видео)

0
515

Жүк көлігінің жүргізушісі жол апатынан қашып кетпек болған.


Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полицейлерден қашып кетпек болған. Алайда тоқтаған соң полицейлерге жұдырық ала жүгірген, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 30 майда болған. Жүк көлігінің жүргізушісі жол апатынан қашып кетпек болған.

"30 мамыр астанада 17:20 шамасында КамАЗ көлігінің қатысуымен жол апаты болды. 39 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болған. Артынан қуу кезінде ол қарсылық танытып, полицейлер тоқтау туралы ескертуін елемеген. Салдарынан патруль көлігімен соқтығысып, тұтқындау барысында физикалық қарсылық көрсеткен", – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы "Екі немесе одан көп билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Сот күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасын тағайындады", – деп қосты полицейлер.