Нұр-Сұлтанда масалармен күрес басталды

0
1 168

Нұр-Сұлтанда залалсыздандыру жұмыстарының қамту аумағы 7 мың шақырым.


Нұр-Сұлтанда масалармен күрес басталды

ERNUR.KZ. Есіл ауданында кешкі және түнгі уақыттарда жәндіктерді залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады "24 хабар".

Бұл үрдіс 6 кезеңмен жүзеге асады. Қамту аумағы 7 мың шақырым. Қазір Шыңғыс Айтматов көшесі, Есіл өзенінің жағалауы, сондай-ақ әуежай тасжолында жұмыс қызуда. Шағын суқоймалары мен ашық стансалар маңындағы масалармен күрес жұмысына 5 бригада, 50 дезинфектор, 2 биолог, т.б. мамандар жұмылдырылған.

"Біз масаларға қарсы үшінші сұрыпты истицидті қолданып жатырмыз. Олар қауіптілік деңгейіне қарай жіктеледі. Яғни қалада тек қана осы сұрыпты пайдаланамыз. Ал екінші сұрыптағы өнім денсаулыққа қауіпті. Дәл осындай жұмыстар Байқоңыр ауданында да жалғасатын болады", - деді Бекболат Талғарбеков, дезинсекция жөніндегі компания директорының орынбасары.