Нұр-Сұлтанда министрлік ғимаратының қаптамасы түсіп қалды

0
2 409

Қазақстан астанасындағы 34 қабатты "Транспорт тауэр" ғимараты 2003 жылы салынған.


Нұр-Сұлтанда министрлік ғимаратының қаптамасы түсіп қалды

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орналасқан Нұр-Сұлтандағы "Транспорт тауэр" ғимаратының қаптамасы түсіп қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Иә, қатты желдің салдарынан бірнешеуі құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстарды жүргізбейміз, өйткені адамдардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз, бірақ ауа райы жақсарғанда оны түзетеміз", - деп түсіндірді ИИДМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік Қазақстан астанасындағы 34 қабатты "Транспорт тауэр" ғимараты 2003 жылы салынған. Содан кейін ол ТМД-дағы ең биік ғимарат атанды. Құрылыс биіктігі - 155 метр, жалпы ауданы - 32 мың шаршы метрден асады.

Оның ерекше пішініне байланысты астаналықтар кешенді "оттық" деп атап кеткен. Сондай-ақ, ғимарат екі рет өртенді - 2002 және 2006 жылдары.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда дауылға байланысты ескерту жарияланды. Әуежайда рейстер кешіктіріліп, бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды.