"Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін пойыз басшыларынан әр рейстен заңсыз ақша алып отырған.
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Тұлпар-Тальго" пойыздары басшыларының қызметте қолдау көрсеткені үшін тұрақты ақша төлеп отырғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Агенттік мәліметінше, "Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін пойыз басшыларынан әр рейстен заңсыз ақша алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.
“Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген хабарламада.