Нұр-Сұлтанда үш автобуспен болған ірі жол апатының құпиясы ашылды

0
1 039

Сараптама нәтижесінде жүрек соғысының күрт нашарлауынан жүргізушінің есінен танып қалғандығы анықталған.


Нұр-Сұлтанда үш автобуспен болған ірі жол апатының құпиясы ашылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті үш автобустың қатысуымен болған жол апатының алдын ала себебін айтты. Ол кезде автобус жүргізушісі бар жылдамдығымен алдағы автобусқа соқтығысып, бірнеше көлікті соққан еді. Салдарынан 33 адам жарақат алып, бір адам қайтыс болған, деп жазады nur.kz.

"Алдын ала нұсқа - зерттеу нәтижесінде жүрек соғысының күрт нашарлауының белгісі бар екені анықталды. Бұл ішкі органдар мен мидың қан айналымына әсер етіп - жүргізушінің естен тануына алып келді.

Яғни бұл факт сараптама нәтижесінде расталды. Бұл алдын ала себебі", - деді Нұр-Сұлтан қаласының тергеу басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Мұқанов.

Сондай-ақ ПД тергеудің неге ұзақ жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жол көлік оқиғасы 26 наурызда болған еді.

"Тергеудің ұзақ жүргізіліп жатқаны 33 адам зардап шекті. Оның 7 ауыр жарақаттар алды. Сараптама жүргізу үшін медициналық карталарын алу керек болды, ал олар емдік шарала аяқталғаннан кейін алынады", - деді Мұқанов.