Оқиға Сарыарқа ауданында болған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғыны трамадолдың үш қорабын дәріханадан ұрлап кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға Сарыарқа ауданында болған. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған 28 жастағы астаналық дәріханаға есігін майыстырып кірген.
"Ұры жалпы құны 178 мың теңге болатын "Трамадол" препаратының үш қорабын қолды қылған. Ұсталған ер адам өз кінәсін толық мойындады", - делінген хабарламада.
Дәрі-дәрмек ұрлығына тағы үш адамның қатысы бар. Олар қораптарды далаға алып шығуға көмектескен.
Полиция қызеткерлері Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сыбайластары қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деп толықтырды департамент қызметкері.