Нұр-Сұлтанда VIII Халықаралық армия ойындарының ашылу рәсімі өтті

0
2 204

Елімізде өтетін сайыстарда барлығы 26 команда бағын сынайды.


Нұр-Сұлтанда VIII Халықаралық армия ойындарының ашылу рәсімі өтті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда VIII Халықаралық армия ойындарының ашылу рәсімі өтті, деп жазады inform.kz.

Ұлттық қорғаныс университетінде өткен Халықаралық армия ойындарының салтанатты ашылу жиынына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы күштерінің өкілдері қатысты.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан аумағындағы VIII Армия халықаралық ойындарын салтанатты түрде ашық деп жариялады.
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы халықаралық ойындарға қатысушыларға арнаған сөзінде сайыстың әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберлігін жетілдірудегі маңызды рөлін атап өтті.
Әскери ойындар бейбітшілік пен ынтымақтастықтың кепілі ретінде шын мәнінде түрлі мемлекеттер әскерлерінің өзара іс-қимылының жаңа және жетілдірілген үлгісіне айналып, қатысушы елдер қарулы күштерінің жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Биыл еліміздің аумағында үш байқау өткізіледі. Олар – «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Меридиан» және «Тактикалық мерген» байқаулары. Соңғы екеуі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Елімізде өтетін сайыстарда барлығы 26 команда бағын сынайды. Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында минаатқыш есептоптарының үздіктерді анықталады.
Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Амандық» полигонында әскери топографтардың сайысы өтсе, Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында армия мергендері жарыспақ.