Біз жасыл экономикаға көшудеміз.
ERNUR.KZ. "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қалалық автобус паркіне барып жұмысшыларды кәсіби мерекелері - Көлік қызметкерлері күнімен құттықтады" - деп жазады 24.kz.
«Сіздердің қызметтеріңіз өте жауапкершілікті талап етеді. Зейнеткерлер, студенттер, балалар, елорда тұрғындары мен қонақтары күн сайын қоғамдық көлікті пайдаланады. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы туралы ойлану керек. Жолаушылар көлігінің тұрақты жұмысы - бұл халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіші. Жолаушылар мен жүргізушілердің өздерін жайлы сезінулері үшін автобус паркі жыл сайын жаңартылып отырады, мысалы, қаланың жылжымалы құрамы 70% жаңартылды, ал мамандар автобустарды уақтылы жөндеуде», - деді А.Көлгінов.
Елордада жолаушылар көлігі саласында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Күн сайын 900 автобус жолға шығады, 1700 адам жүргізуші болып еңбек етеді. Соңғы 5 жылда 700-ден астам автобус сатып алынды, оларда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауға арналған пандустармен жабдықталған және заманауи бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Көшеде ыңғайлы қозғалыс үшін әкімдік көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
«Қалалық акселератор аясында құрылған жұмыс тобы қоғамдық көлікті жақсартып, жетілдірумен айналысады. Біз жасыл экономикаға көшудеміз. Жыл сайын қала тұрғындарының саны өсуде, автокөліктер саны да көбейіп отыр. Қоршаған ортаға теріс ықпалды азайту керек. Жыл соңына дейін біз 100 электроавтобус сатып аламыз. Бұл тек үлкен шаруаның бастамасы ғана», - деп атап өтті А.Көлгінов.
Елорда әкімі қоғамдық көліктің басымдылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Осылайша жеке Bus lane жолақтарының енгізілуіне байланысты автобустардың жүру жылдамдығы артқанын атады.
«Егер адамдар қоғамдық көлікті ерікті түрде пайдаланса, бұл қаланың дамуының көрсеткіші болады. Қазіргі кезде Bus lane жолағының арқасында автокөлікке қарағанда автобуспен қалаған жерге тез жетуге болады. Бұдан бөлек, билеттерді берудің электрондық жүйесін енгізу автотұрақтардың табысын 40 пайызға арттырды. Сонымен бірге егер өткен жылы қызмет көрсету сапасына 13 мың шағым түскен болса, осы жылы 21 мыңнан астам шағым түсті (60%-ға өскен). Біз бұл көрсеткішті түзетуіміз керек. Біз қоғамдық көліктің барлық қатысушыларына жайлы жағдай жасау үшін жұмыс жасаймыз, бастысы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деп басып айтты қала басшысы.
Қала әкімі көлік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстап, істеріне сәттілік және отбасыларына амандық тіледі.
«Сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес. Кез келген ауа райында: қыста қақаған аязда, жазда күн ыстықта жұмысқа шығасыздар. Сіздер игілікті іс жасап жатырсыздар. Атқарып отырған адал қызметтеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын», - деді А.Көлгінов.