22 қыркүйекте сағат 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапқан.
ERNUR.KZ. Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция басқармасы мәлім етті, - деп жазады Tengrinews.kz
Бойжеткен 19 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында үйінен шығып, оралмаған. Жоғалған қыздың анасы полицияға арыз түсірген.
"Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің жеке құрамы, қосымша күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер мен жұртшылық жоғалған адамды іздеуге жұмылды.
Қызды соңғы рет Бараев көшесі жағынан көпірде тұрғанын көрген. Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер тобын тарту ұйғарылды", - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.
22 қыркүйекте сағат 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапқан.
"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп толықтырды полиция өкілі.