Нұр-Сұлтанда жұмысшы сейфті пәтер терезесінен лақтырып жіберді

0
561

Пәтер иесі 25 жастағы жігітті жөндеу жұмыстары үшін жалдаған.


Нұр-Сұлтанда жұмысшы сейфті пәтер терезесінен лақтырып жіберді

ERNUR.KZ. Нұр-Cұлтан тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін адам шақыртқан. Алайда пәтерге келген жұмысшы ақша салынған сейфті көріп, ашпақ болды деп жазады Stan.kz.

Пәтер иесі 25 жастағы жігітті жөндеу жұмыстары үшін жалдаған. Белгілі бір уақыт жұмыс істегеннен кейін, жас жігіт балконда сейф тұрғанын байқайды. Оны түрлі құрал-сайманмен ашуға тырысады, алайда қолынан келмейді.

“Ол сейфте қомақты ақша болуы мүмкін деп ойлаған. Сөйтіп есігі ашылар деген үмітпен жетінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Содан кейін өзі үйден асығыс шығып кеткен", - деп хабарлады оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүгіріп барып қараса, сейф сол күйі ашылмапты. Осыдан кейін ол оқиға орнынан ізін жасырған. Сейфте құжаттар мен 4 500 долларына жуық ақша жатқан.

Болған оқиға жайлы полицияға куәгерлер хабар берді.

Қазіргі таңда ер адам ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктінің елорда аумағында бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ұсталған жігіт бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.