Суретші портретті ұстап тұрған әйелдің қолын бейнелеген. Бұл - батырларды майданнан күткен аналары мен сүйіктілері.
ERNUR.KZ. Елордадағы үйлердің бірінде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының суреті салынып жатыр, деп жазады sputniknews.kz.
Арт-жоба Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Үй қай жерде орналасқан
Бауыржан Момышұлының суреті Ташенов көшесіндегі 10-шы үйде пайда болады.
Суретші портретті ұстап тұрған әйелдің қолын бейнелеген. Бұл - батырларды майданнан күткен аналары мен сүйіктілері.
Туынды авторлары TigrohaudCrew командасының граффити-суретшілері - Ержан Танаев пен Али Закир. Олар Қазақстан бойынша 15-тен астам ірі жобаның авторлары. Жуырда астанада дәрігерлерге арналған суретті де салды.
Бауыржан Момышұлы суретін қабырғаға бейнелеуге бір апта жұмсалған. Оған дейін бір айдан астам уақыт бойы дайындалды.