Бір айға жетпес уақыт бұрын ол "Тобыл" футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткен еді.
Фото: Prosports.kz
ERNUR.KZ. Енді Нұрбол Жұмасқалиев павлодарлық "Ертіс" футбол клубын жаттықтыратын болады, деп жазады inbusiness.kz.
Футболшы мансабын аяқтағаннан соң 2018 жылдан бастап "Тобыл" клубында бапкерлік және басқарушылық қызметтер атқарды, спорт директоры лауазымында да болды.
"Тобыл" аты аңызға айналған экс-футболшының бапкерлігімен елеулі нәтижелерге қол жеткізді деуге негіз бар. Команда Қазақстан кубогы мен суперкубогын жеңді, сондай-ақ чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Ал "Ертіс" клубында Нұрбол Жұмасқалиевтің көмекшілері ретінде отандық футбол мамандары Данияр Мұқанов пен Олег Недашковский жұмыс істейді.
Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы 11 мамырда дүниеге келген. Кәсіби мансабында "Нарын"
(Орал), "Жетісу" (Талдықорған), "Тобыл" (Қостанай), "Астана", "Ертіс" (Павлодар) клубтарында доп тепкен.


