Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.
2022 жылдың 8 қарашасында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Оралдағы Гагарин атындағы кинотеатрда сайлаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.
Нұрлан Әуесбаев сыртқы саясат мәселелеріне келгенде Қазақстан агрессивті әскери блоктарға қатыспайтын, қолдамайтын мемлекет ретінде берік позициясын сақтауы керек деп есептейді. Геосаяси ахуал ушығып тұрған бүгінгі таңда бұл тіптен өзекті. ЖСДП-дан кандидат стратегиялық салаларда Қазақстан сондай-ақ қалыпты протекционизм позициясын ұстануы қажет деп санайды.