Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке келді

0
546

Асқар Тәжібаев Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елші қызметінен босатылды.


Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке келді

Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асқар Тәжібаев болса Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елші қызметінен босатылды.

Еске салайық, Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен 2024 жылдың 16 мамырында кеткен болатын.