Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» басшысы болып тағайындалды

0
1 806

Ол бұл лауазымда Сауат Мыңбаевтың орнына келді.


Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» басшысы болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы - экономист.

Еңбек жолын 1991 жылы «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастады.

1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорын директоры, АНПЗ ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.

2002-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметін атқарды.

2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Президенті әкімшілігінде бөлім меңгеруші болды.