Нұрсұлтан Назарбаев: Парламент Сенатына ақылдасуға келіп тұрамын

0
1 299

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.


Нұрсұлтан Назарбаев: Парламент Сенатына ақылдасуға келіп тұрамын

ERNUR.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының депутаттарымен ақылдасуға жиі келіп тұратынын айтты. Бұл туралы Тұңғыш Президент «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігін тапсыруға арналған салтанатты шарада мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сіздерге зор ризашылығымды айтқым келеді. Осы атақпен («Құрметті Сенатор» - авт.) араларыңызға келіп тұрамын, өзімнің ойымды әрі пікірімді айтамын. Сіздермен ақылдасып тұратын боламын. Барлығымыздың істеп жүрген жұмысымыз бір арнаға тоғысады - ол Тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Қазіргі Ораза айт кезінде Алладан елімізге бақ пен береке, тыныштық, отбасыларымызға амандық, халқымызға зор бақыт тілеймін!», - деді Елбасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін мойындай отырып, ҚР Парламенті Сенаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешімді қабылдады.