Облыс әкімі кәсіпкерлерге: Өз қызметкерлеріңізге «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алуға көмектесіңіздер

0
1 257

Облыстық Кәсіпкерлер палатасында аймақ басшысы Болат Бақауовтың бизнесмендермен кездесуі өтті.


Облыс әкімі кәсіпкерлерге: Өз қызметкерлеріңізге «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алуға көмектесіңіздер

ERNUR.KZ. Облыстық Кәсіпкерлер палатасында аймақ басшысы Болат Бақауовтың бизнесмендермен кездесуі өтті. ШОБ өкілдері облыс әкіміне мазалап жүрген сұрақтарын қойды, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.


Субсидиялау және кредиттеуге байланысты мәселелермен қатар кәсіпкерлер кадрлық мәселені де талқылады. Мысалы «Крендель» ЖШС өкілдері жас мамандардың тәжірибеден өткеннен кейін жұмыстан кетіп қалатындары жөнінде айтты. Болат Бақауов бұл сұрақты жұмысшыларды қосымша қолдау шаралары арқылы шешуді ұсынды.


– Қазір Қазақстанда жаңа «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейді, – деді ол.


– Өз қызметкерлеріңізге осы бағдарлама бойынша пәтер алу үшін бастапқы жарнаны жасауға көмектесіңіздер. Сол кезде олар сіздерде 20 жыл жұмыс істейтін болады. Бұл осы жағдайда қолдануға болатын көп механизмнің бірі ғана.


Сонымен қатар аймақ басшысына қосымша мердігерлікке қатысу жөнінде сұрақтар қойылды. Павлодарлық өндірушілердің айтуынша су желісінің құрылысын жүзеге асыру барысында бас мердігер құбырларды немесе басқа да құрағыштарды Қазақстанның басқа облыстарынан немесе кейде шетелден де сатып алуы мүмкін. Осыған байланысты жергілікті бизнес ықтимал сатып алушыдан айырылады.


– Бүгінгі күні жылына орта есеппен алғанда бізде 360 шақырым су желілері салынады,- деді Павлодар облысының әкімі.


– Бұл мәселені назарға алып, аймағымызда су желілерін салумен айналысатын компаниялармен талқылауымыз керек. Сонымен қатар павлодарлық өндірушілер мердігерлерге олардың өнімін сатып алудың себебін дәлелдеуі тиіс.


Кездесу соңында Болат Бақауов қызметкерлерінен мемлекеттік органдардың ШОБ-ға қатысты қызметінің форматын ауыстыруды талап етті. Оның айтуынша бастықтар жұмыс орындарында сырғытпа жауап бере салумен емес, кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жолдарын іздеумен айналысуы тиіс.