​Облыс әкімінің аппаратына басшы тағайындалды

0
1 313

Талғат Бөлтенов 1970 жылы туған.


​Облыс әкімінің аппаратына басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. Бүгін аймақ басшысы Мәлік Мырзалин аппарат кеңесінде Ақмола облысы әкімінің жаңадан тағайындалған аппарат басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Талғат Бөлтенов Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды», делінген баспасөз хабарламасында.

Талғат Бөлтенов 1970 жылы туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Есеп және статистика республикалық салааралық институтын тәмамдаған. Ол еңбек жолын 1999 жылы Ақмола облысының экономика басқармасында бас маман болып бастаған. 2000-2001 жылдары аралығында бөлім басшысы, 2001-2007 жылдары Ақмола облысының экономика және бюджетті жоспарлау департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.