​Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0
1 267

Өңір басшысының өкімімен Мұратхан Шүкеев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды


​Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. Өңір басшысының өкімімен Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

58 жастағы Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев Еңбек Қызыл ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.

Луговой аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. Кейіннен «Восток» ұжымшарында және «Ақ ниет» ТК бас агрономы «МТС-Интеграция» ЖШС директоры, Рысқұлов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Байзақ ауданының әкімі болды.

2017 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың мамырында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына Еркебұлан Дауылбаев тағайындалған болатын.