Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.
ERNUR.KZ. «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.
Қазіргі уақытта тергеу амалдарып эалғасып жатыр.
Еске салсақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар экс-вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алынды.
11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуін тоқтату туралы тапсырма берді.