Оқушы қыз балаға шприц сұғып алды

0
2 074

Қыз бала аудандық ауруханада толық тексеруден өтіп, емделуде


Оқушы қыз балаға шприц сұғып алды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында оқушы қыз балаға шприц сұғып алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 22 қазан күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді мекеніндегі Х.Нұрымғалиев атындағы орта мектеп ауласында орын алды.

Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры Шыңғыс Сәрсенғалиевтің айтуынша, мектеп ауласында 7-сыныпта оқитын ер бала 6-сынып оқушысының сол жақ иығы тұсына шприц инесімен жарақат салған. Ауылдың фельдшері 2006 жылғы қыз балаға алғашқы көмек көрсеткен.

«Бүгін қыз баланы аудандық ауруханаға алдырып, ол толық тексеруден өтіп, емделуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ш.Сәрсенғалиев.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Елжас Қадыров қазіргі кезде қыз баланың ата-анасымен сөйлесіліп, мән-жайдың анықталып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш мәселе әлеуметтік желіде қызу талқылануда.