Олимпиада чемпионына су жаңа Lexus көлігі сыйға берілді

0
328

Оның шағын комплектациясы 68 млн теңгеден басталады.


Олимпиада чемпионына су жаңа Lexus көлігі сыйға берілді

ERNUR.KZ. Бүгін, 5 тамызда Алматы әуежайында жанкүйерлер Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдодан Қазақстан құрамасын күтіп алғаны белгілі, деп жазады inbusiness.kz.

Қос балуанға әуежайда қымбат көліктер тарту етілді.

Олимпиаданың қол жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа берілетін Toyota Land Cruiser 250 автокөлігі бүгін әуежайда сыйға тартылған. Спортшы су жаңа көлігімен әуежайдан аттанып кетті.

Ал Елдос Сметовке ақ түсті Lexus LX 600 (VIP) тарту етіледі. Оның шағын комплектациясы 68 млн теңгеден толық комплектациясы 89 млн теңгеге дейін барады.