Өмірлік мәні жоқ фильмдерді көрсетуді доғару керек, онда фильмнің не туралы екенін де түсінбейсің
ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық фильмдердің түсірілімі жайлы пікір білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Біз тек тарихи фильмдер ғана емес, біздің қоғамға пайдасын тигізер дүниелерді түсіреміз. Таяуда ғана "Қыз бен Теңіз" фильмінің тұсау кесері өтті. Бұл ерекше фильм. Басты рөлдерді кәсіби емес мүмкіндігі шектеулі актерлер ойнады. Өте әсерлі фильм. Бізге не қажет? Біз халықтың ар намысын асқақтатып, рухты көтеретін фильмдер түсіреміз.
Бізге тарихи фидьмдер, әлеуметтік фильмдер, толықметражды анимациялық фильмдер көрсету керек. Өмірлік мәні жоқ фильмдерді көрсетуді доғару керек, онда фильмнің не туралы екенін де түсінбейсің. Виртуалды махаббат, истерикалық махаббат, қандай да бір махаббат. Не махаббат жоқ, не тарих жоқ, ештеңе жоқ", - деді министр министрліктің кеңейтілген отырысында.
Айта кетейік, 2019 жылы қаңтардан бастап, прокаты қазақ тілінде жүргізілмейтін фильмдер міндетті түрде аударылуы керек немесе субтитрмен көрсетілуі керек.