Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды

0
497

Аталған жоба Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулдығына жүгінген қазақстандық азаматтарға паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.


Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды

2022 жылдың 28 қарашасынан бастап Корея Республикасының аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоба ҚР сыртқы және ішкі істер министрліктерімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында жүзеге асырылуда және Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулдығына жүгінген қазақстандық азаматтарға паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Оңтүстік Корея (Сеул, Пусан қалалары), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омбы қалалары), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Түркия (Анкара, Анталья, Ыстанбұл қалалары) Өзбекстан (Ташкент қ.) мен Жапониядағы (Токио қ.) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.