​Орал қаласында ток соққан бала көз жұмды

0
194

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.


​Орал қаласында ток соққан бала көз жұмды

Фото: instagram.com/krisp.tdk

ERNUR.KZ. Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.
- Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан баланың ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.