Орал қаласында зорлықпен өлген 67 жастағы әйелдің мәйіті табылды

0
389

Оны өлтірген көршісі болып шықты.


Орал қаласында зорлықпен өлген 67 жастағы әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Орал қаласында әйелді өлтірген күдікті қолға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қылмыскерді анықтауға оқиға орнында табылған саусақ ізі көмектесті.

«Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман үйден саусақ ізі қалған әйнек сынығын тауып, тәркіледі. Одан әрі деректер базасында бірдей саусақ ізін анықтау үшін салыстырмалы талдау жүргізілді. Тексеру барысында алынған саусақ іздері кімге тиесілі екені анықталды. Ол қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, 31 шілде күні Орал қаласындағы жер үйдің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және Орал қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері дереу жіберілді.