Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтіргендер ұсталды

0
171

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.


Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтіргендер ұсталды

фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысын ашты, деп жазады ulysmedia.kz.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды. Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Онда екі тұрғын оқ тиіп, қаза тапқан.

Қылмыстың жасалуына ақшалай келіспеу себеп болған.

ДӘЛЕЛ БОЛМАҒАН

Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмаған. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықталған.

ТЕРГЕУ

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды.

- Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда, - деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.