Видео 2 тамыз күні түсірілген.
ERNUR.KZ. Оралда белгісіз ер адам аулада ойнап жүрген алты жасар қызды алып кетпек болған. Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп, желіде тез таралып кетті. Бұл туралы полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ересек ер адамның қызға жақындағанын байқауға болады. Қысқа әңгімеден кейін ер адам қызды күшпен белгісіз жаққа әкетіп бара жатқан. Сол кезде бейтаныс адамды тоқтатып, басқа ер адам оның қолынан қызды жұлып алады.
Полиция департаменті видео 2 тамызда кешке түсірілгенін хабарлады.
"Орал қаласы Зачаган полиция бөліміне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қыздың анасының өтініші тіркелген. Ер адам анықталып, ұсталды. Ол мас күйінде болған", - деп атап өтті БҚО ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер оқиғаның мән-жайы қазір тексеріліп жатқанын, содан кейін процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.