Қазір ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Фото: Azattyq Rýhy
ERNUR.KZ. Оралда алты жасар бүлдіршінді Брусиловский көшесінде «КамАЗ» қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Төтенше жағдай 21 сәуір күні кешке болды. Полицияның хабарлауынша, бала белгіленбеген тұстан жолдан жүгіріп бара жатқанында жүк көлігі қағып кеткен.
«Бала түрлі жарақаттармен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады БҚО ПД.
«Мой город» облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың басынан ауыр жарақат алғанын және өзге де түрлі дене жарақатын алғанын хабарлады.