Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.
ERNUR.KZ. Орал қаласында балалар мінген автобус отқа оранды, деп жазады inbusiness.kz.
БҚО Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 13 маусым күні сағат 12:40-та болған.
“Орал қаласы Г.Бельгер көшесі, 114 үйдің маңайында “ПАЗ” жеке автобусы отқа оранды. Өрт сағат 13:09-да оқшауланып, 13:14-те жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жеке құрамның 6 адамы, 1 бірлік техника жұмыс істеді”, - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.