Оралда басына тас түсіп кеткен ер адам мерт болды

0
247

Қаза тапқан ер адамның жас шамасы 60-65-тердің айналасында.


Оралда басына тас түсіп кеткен ер адам мерт болды

ERNUR.KZ. Орал қаласында көшеде тротуармен кетіп бара жатқан жүргіншінің басына кірпіш құлап мерт болды. Қайғылы оқиға бүгін түс ауа Әлия Молдағұлова көшесі, №2 мекенжайдың маңында орын алған, деп жазады baq.kz.

"Жедел жәрдем" қызметіне қоңырау 15-03 шамасында түскен. Оқиға орнына медицина қызметкерлері шұғыл жеткенмен, зардап шеккен азаматтан тіршілік нышандары байқалмады. Қаза тапқан ер адамның жас шамасы 60-65-тердің айналасында, - дейді дәрігерлер.

Ал БҚО полиция департаментінің айтуынша, жазатайым жағдайда қайтыс болған азамат 1956 жылғы. Қазір ҚР Қылмыстық Кодекстің 277-бабы, 2- бөлігі, яғни Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

29 қаңтар күні Орал қаласындағы Жуков көшесі, 14 мекенжайында салынып жатқан 9 қабатты үйдің маңында кірпіш құлау оқиғасы тіркелді. Яғни, өтіп бара жатқан ер адамның басына кірпіш құлаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде,-дейді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Нұржан Қуанғали.

Оқиға орнында бір емес, ондаған кірпіш шашылып жатқаны көрініп тұр. Дәл осы жерде тротуарға тақалып, 9 қабатты үйдің құрылысы жүріп жатқан болатын. Нысанның төлқұжатында құрылысқа тапсырыс беруші әрі мердігері "Строй Техно Групп" ЖШС екені жазылған.