Оралда ер адам көшеде өз тамағын орып жібермек болды

0
680

Ұсталған азаматтың Орал қаласының 1984 жылы туған тұрғыны екені және бірнеше уақыттан бері созылмалы ауруымен есепте тұрғаны белгілі болды.


Оралда ер адам көшеде өз тамағын орып жібермек болды

ERNUR.KZ. 28 қыркүйек күні 102 операторына Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойындағы Юбилейная аялдамасында белгісіз ер адам қолында пышақ алып, өзінің тамағына қойып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі, деп жазады zakon.kz.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы келіп жетеді. Жасұлан Балмағанбетов ер адамды сөзге тартып, көңіл аулау кезінде әріптесі Мұхаммадрасул Рашитов жігіттің артынан келіп, суық қаруды қолынан тартып алады да, жерге құлатып, оқиғаның алдын алады.

Ұсталған азаматтың Орал қаласының 1984 жылы туған тұрғыны екені және бірнеше уақыттан бері созылмалы ауруымен есепте тұрғаны белгілі болды.

Оқиға орнынан пышақ тәркіленіп алынды. Түсініктеме бергенде ол ауруынан шаршап, осындай қадамға еріксіз барғанымен түсіндіріп берді. Қазіргі уақытта жігіт Орал қаласының уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.