Оралда қонақ үйде адам өлтірді деген күдікке ілінген әйелдің ісі сотқа жіберілді

0
670

Қылмыстық іс бес ай тергеуде болып, сотқа 3 наурызда түскен.


Оралда қонақ үйде адам өлтірді деген күдікке ілінген әйелдің ісі сотқа жіберілді

ERNUR.KZ. Оралда қонақ үйде қайтыс болған ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыстық іс бес ай тергеуде болып, сотқа 3 наурызда түскен. Оны судья Шара Зайнуллина қарайды.
Судья хатшысы Нұргүл Мәжітованың айтуынша, істі тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.
Еске сала кетейік, қылмыстық оқиға былтыр 16 қарашада қаладағы қонақ үйлердің бірінде болған. Қонақ үй бөлмесінен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бөлмеде марқұммен бірге 28 жастағы әйел болған. Әйел бес ай тергеуде болды.