Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды

0
382

Құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды.


Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды

ERNUR.KZ. Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болды.

«Сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі 42-мекенжайдағы құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.