Оралдағы бала ұрлығы: ата-анасы мән-жайды айтты

0
649

Алты жасар қыздың ата-анасы әлі алаңдаулы.


Оралдағы бала ұрлығы: ата-анасы мән-жайды айтты

ERNUR.KZ. Оралда ер адам аулада ойнап жүрген алты жасар қызды алып кете жаздады. Баланың ата-анасы жағдайдың мән-жайын айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.


Еске салайық, 2 тамызда кешке Оралда көпқабатты үйдің ауласында баланы ұрлағысы келген ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Әлеуметтік желіде тараған кадрдан кішкентай қыздың қасына егде жастағы ер адамның келгенін көруге болады. Кейін ол қызды жетектеп кетеді. Алдынан ер адам шығып, оны тоқтатып, итереді.



Күдікті анықталып, ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алты жасар қыздың ата-анасы әлі алаңдап отырғанын айтты.

"Осы жағдайдан кейін ұйықтай алмадым. Әлеуметтік желіде бәрі талқылап жатыр. Сол кезде күйеуім екеуміз аулада болдық. Берікжан ұлымен ойнап жүрген. Қызым құрбыларымен жақын жерде еді. Бірден ана ер адам шыға келді. Қызымның шашынан ұстады да, ауладан алып кетіп бара жатты. Оған жаңа әткеншекте сырғанатамын деп айтқан. Кейін не болары сұмдық", - дейді қыздың анасы Айнұр.


Егде жастағы ер адамды қыздың әкесі тоқтатқан. Ол қаскөйге соққы бергенін жасырмады.

"Ол басында қыздың әкесі екенімді түсінбеді. Қызды қайда алып бара жатырсың деген сұрағыма "серуендеуге" деп жауап берді. Мас болды. Полицияны шақырдық. Әйелім арыз жазды", - деді қыздың әкесі Берікжан.


63 жастағы ер адамның туыстары оның зорлауға бейім екенін байқамағанын айтады.

"Әкем ішеді, бірақ ол ешқандай жамандық істеген жоқ. Қазір бәрі оны педофил деп жатыр. Ол ондай емес", - деді күдіктінің қызы.

БҚО Полиция департаментіндегілер қазір сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Ер адам түсініктеме алу үшін ұсталған, бірақ кейін оны босатыпты.