1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған.
ERNUR.KZ. Оқиға 13 тамыз күні болған, деп жазады inbusiness.kz.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде 1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған. Аталған дерек Зашаған полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Ведомство баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.