​Оралдық блогер: Полиция ұстаған соң флеш-картам жоғалып кетті

0
1 173

Оралдық блогердің флеш-картасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Оралдық блогер: Полиция ұстаған соң флеш-картам жоғалып кетті

Оралдық блогердің флеш-картасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. azattyq.org/a сайтына сілтеме жасап.

Оралдық 23 жастағы блогер Аслан Сагутдинов өзін полиция ұстап жатқан сәтті түсіріп алған видеокамерасындағы флеш-картасы жоғалып кеткенін айтады.

Сагутдинов Азаттыққа 23 маусымда қаланың орталық алаңында болған кезінде дүкен жанынан өзін бірнеше полиция қызметкері ұстап, полиция бөліміне алып барғанын және ол жерде үш сағаттан көп уақыт ұстағанын хабарлады. Блогер сол күні болуы мүмкін делінген рұқсат берілмеген наразылық акциясын видеоға түсіріп алуға барғанын айтады.

Полиция бөліміне апарған соң режимді мекемеге кіру ережесі бойынша блогерді ұялы телефоны мен видеокамерасын тапсыруға мәжбүрлеген. Сагутдиновтан жазбаша түсініктеме алып, одан соң босатып қоя берген. Видеокамерасын қайтарып алған кезде онда флеш-картасы жоғын байқаған. Блогер полиция қызметкерлері бұған қатысты түсінік беруден бас тартқанын айтады.

Сагутдинов бұдан соң электрондық жүйе арқылы Орал қалалық ішкі істер басқармасының басшылығына полицейлердің әрекетіне тергеу жүргізуді талап етіп, шағымданған.

Бірнеше күннен соң оның ұялы телефонына өзінің арызы ақпаратты тіркеу кітабына тіркелгені туралы хабарлама келген. Сосын шағымы "қаралмағаны және номенклатура ісінде сақталып тұрғаны" туралы тағы бір хабарлама келген.

Сагутдиновтің ісімен айналысқан Орал қалалық ішкі істер басқармасының аға тергеушісі Индира Жұмақаева Азаттық тілшісіне телефон арқылы 23 маусымда полицейлердің "арнайы операция жүргізгенін" және "қандай флешка туралы арыз түскенін білмейтінін" хабарлады. Ол басқа ақпарат беруден бас тартты.

Астананың саясатын сынайтын, шетелде тұратын Мұхтар Әблязов құрған Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымы 23 маусымда жақтастарын митингіге шығуға шақырған. Сол күні полиция бірнеше қалада қозғалыс митинг өтеді деп белгілеген орындарға жиналған адамдарды ұстап әкетіп, митингілер өтпей қалған.

23 маусымда Орал полициясы Азаттық тілшісі мен жергілікті "Уральская неделья" газетінің тілшілерін ұстап, оларды полиция бөлімінде бірнеше сағат ұстаған. Журналистер осылайша белгіленген митингіден хабар тарату мүмкіндігінен айырылған.