Оралдық дәрігерлер терезеден құлап кеткен екі жасар қыздың хәлі туралы ақпарат берді

0
240

Жедел жәрдем бригадасы екі жасар қызды облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді.


Оралдық дәрігерлер терезеден құлап кеткен екі жасар қыздың хәлі туралы ақпарат берді

ERNUR.KZ. 25 тамызда 103 операторының пультіне У. Громова көшесіндегі тұрғын үйдің екінші қабатынан баланың құлауы туралы қоңырау түсті, деп жазады zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының ДСБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, жедел жәрдем бригадасы екі жасар қызды облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді.

"Қыз нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, ауырлығы орташа жағдай. Қажетті ем алып жатыр", - дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Қазталов - Орал тасжолының Жалпақтал ауылының маңында болған. Қаза тапқандардың бірі Қазталов аудандық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары.