Орман қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтамасыз ету үшін 918 млн теңге бөлінеді

0
497

Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.


Орман қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтамасыз ету үшін 918 млн теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Құжатқа сәйкес Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді деп көзделуде.