54 жастағы Бурабай ауданының тұрғынын полиция Жасыл және Шиелі ауылдары ортасындағы орман алқабынан тапты.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Ақмола облысының полицейлері із-түзсіз кеткен үш облыс тұрғынын тапты. Олардың бірі біраз уақыт орманда өмір сүрген, деп жазады sputnik.kz.
54 жастағы Бурабай ауданының тұрғынын полиция Жасыл және Шиелі ауылдары ортасындағы орман алқабынан тапты.
"Туыстарының айтуынша, ер адам есін толық білмейтін. Іздеу барысында полиция жоғалған тұрғынның баруы мүмкін барлық елді мекен мен жерді тексерді", - дейді полициядағылар.
Нәтижесінде ол орманнан табылды. Ол осы күнге дейін жидек жеп, өзеннің суын ішіп жан сақтаған.
Сонымен қатар полиция 14 жастағы Көкшетау тұрғынын іздеп тапты. Жасөспірім ата-анасына айтпай туыстарының үйіне кетіп қалған. Ол сол жаққа бара жатқан жолда табылды.
Полиция сондай-ақ 34 жастағы Зеренді ауданының тұрғыны мен 4 жастағы қызды іздеп тапты. Олардың жоғалғаны туралы арызды 26 қыркүйек күні әйелдің күйеуі түсірген болатын.