Өрт сөндірушілердің жалақысы көбейе ме – министрдің жауабы

0
461

Төтенше жағдай министрі 2023 жылы 1 қаңтарда өрт сөндірушілердің жалақысы көтерілгенін атап өтті.


Өрт сөндірушілердің жалақысы көбейе ме – министрдің жауабы

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі өрт сөндіруші мамандардың жалақысы қалай көбейетінін түсіндірді, деп жазады kaz.inform.kz


«Бүгінде өрт сөндірушілердің жалақысы мардымсыз. Биыл олардың жалақысы көтеріле ме? Оған бюджеттен қанша қаржы қарастырылған? Қазір өрт сөндірушілердің орташа жалақысы қанша?», - деп сұрақ қойды тілшілер Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Төтенше жағдай министрі 2023 жылы 1 қаңтарда өрт сөндірушілердің жалақысы көтерілгенін атап өтті.


«Бүгінде ең төменгі жалақы өрт сөндіруші сержантта – 180 мың теңге. Оның аз екенін мойындаймын. Бұл мәселе министрліктің бақылауында. Жалақыны көтеруге қадам жасап жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда 18 мың өрт сөндіруші бар. Олардың жалақысын бір мезгілде көтеру мүмкін емес. Бұл жұмыстарды біртіндеп жасаймыз», - деді Шыңғыс Әрінов.

Бұған дейін Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ведомство қандай шаралар қабылдап жатқанын айтып берді.