Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

0
107

Қытай тарапы Казахстанның ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.


Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

ERNUR.KZ. Рио-де-Жанейро қаласында БРИКС елдерінің БАҚ пен аналитикалық орталықтарының форумы өтті. Форумға жетекші медиа құрылымдардың, мемлекеттік ведомстволардың, ғылыми және іскер топтардың өкілдері қатысты.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаровтың Қытайдың «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің бас директоры Фу Хуамен кездесуі өтті. Тараптар екіжақты медиа ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылап, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың өзекті екенін растады.

Қытай тарапы Казахстанның ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, форум аясында Асқар Омаров Латын Америкасы мен Азия елдерінің аналитикалық орталықтарындағы әріптестерімен бірқтар кездесу өткізді.