Ойыннан кейін Алматы көшелерінде сары-қара жалау ұстап, ұрандатқан жанкүйерлер пайда болды.
Фото: Теngrinews.kz / Болат Айтмолда
ERNUR.KZ. 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні "Қайрат" өз тарихындағы ең жарқын жеңіске қол жеткізді – клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Жанкүйерлер мен қала тұрғындары таңға дейін көптен күткен жеңісті атап өтті, деп жазады tengrinews.kz.
Ойыннан кейін Алматы көшелерінде сары-қара жалау ұстап, ұрандатқан жанкүйерлер пайда болды.
Біртіндеп қаланың басты көшелері жанкүйерлерге толып, сол маңанан өтіп жатқан жүргізушілер көлік дабылымен қызу көңіл-күйді қолдады.
Әлеуметтік желілерде терезеден түсірілген бейнежазбалар пайда болды, онда атмосфераның үйлер мен пәтерлерге дейін жеткені көрінеді.
"Көк-Төбе" телемұнарасы да қалалық думанды қолдады – онда клубтың елтаңбасы бейнеленген сары-қара түсті проекция пайда болды.
Еске салайық, "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу финалының негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен аяқталды, алматылықтар пенальти сериясында жеңіске жетті.
Кездесудің басты қаһарманы 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков болды.
Тарихи жетістікке қоса, "Қайрат" үлкен сыйақы алады. Команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде қалай өнер көрсететініне қарамастан, алматылық клубтың шотына шамамен 12 миллиард теңге түседі.