Өскеменде 79 қылмыс жасаған әйел ұсталды

0
1 714

37 жастағы әйел соңғы қылмысын 14 тамыз күні жасаған.


Өскеменде 79 қылмыс жасаған әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері 79 қылмыс жасаған әйелді ұстады, деп жазады Алтайньюс.

37 жастағы әйел соңғы қылмысын 14 тамыз күні жасады. 27 жастағы тұрғынның автокөлігінің жүк салғышынан көлік саймандарын ұрлап кеткен. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықтап, қолға түсірді. Бұған дейін 78 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел бұл жолғы кінәсін де мойындап отыр.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.