Олар ескі қабірлерден алынған.
Фото: YK-news.kz
ERNUR.KZ. Өскемен қаласында «Жаңа Примыкание» зиратында халықтың наразылығын тудырған жағдай анықталды: көше дәретханасының іргетасына ескі қабірлерден алынған айқыштар пайдаланылған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерде дәретхананың астына төселген тақтайлардың қабір айқыштарына ұқсайтыны анық көрінеді. Бұл жағдай жергілікті тұрғындар мен марқұмдардың туыстары арасында үлкен наразылық туғызды. Олар айқыштарды осылай қолдану – қайтыс болғандардың рухына көрсетілген үлкен құрметсіздік деп санайды», — делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бұл айқыштар қараусыз қалған немесе ескі зираттардан алынған болуы мүмкін. Алайда зират әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.