Өскеменде кестеге сай жүруге асыққан автобус жүргізушісі 5 жасар қызды қағып кетті

0
461

Қылмыстық сот қалалық маршруттардың бірінде жүргізуші болып жұмыс істеген 59 жастағы ер адамға үкім шығарды.


Өскеменде кестеге сай жүруге асыққан автобус жүргізушісі 5 жасар қызды қағып кетті

ERNUR.KZ. Өскеменде қоғамдық көлік жүргізушісінің немқұрайлылығының арқасында 5 жасар қыздың өмірі қиылды, деп жазады stan.kz.

Қылмыстық сот қалалық маршруттардың бірінде жүргізуші болып жұмыс істеген 59 жастағы ер адамға үкім шығарды.

21 сәуірде кешкі сағат бес шамасында "Мұнай базасы" аялдамасында автобустың артқы есігінен жолаушылар түсе бастаған. Егде жастағы әйел немересінің қолынан ұстап түсіп жатқанда, бала қоғамдық көліктен шығып үлгермеді. Есіктер жабылып, автобус жүріп кетті. Осы кезде кішкентай қыздың аяғы мен күртешесі қысылып қалады. Бір уақытта қыз жолға құлап түсіп, автобус артқы дөңгелегімен оның басын мыжып өткен. Қыз сол жерде көз жұмды.

Соттың мәліметі бойынша, жүргізуші кестеге сай жүру үшін асыққан. Сондықтан ол айнаға қарап, барлық жолаушының түскеніне көз жеткізбеген.

Ер адамның оған дейін бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алайда оның қоғамдық көлікті басқару ережелерін бұзғаны белсгісіз, өйткені оның жеке көлігі бары анықталды.

Сот өскемендікті екі жарым жылға бас бостандығынан және бес жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасына тағайындады.