Өскемендегі сол жағалау этногафиялық кешенінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

0
503

Акцияға қатысқан 300-ден астам адам шағын топқа бөлініп, үлкен аумақты қоқыстан тазалады, этноауылдағы үйлердің ауласын жинады, хайуанаттар бағы мен әскери техникалар тұрған аллеяны ретке келтірді.


Өскемендегі сол жағалау этногафиялық кешенінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Өскемендегі сол жағалау этногафиялық кешенінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Акцияға қатысқан 300-ден астам адам шағын топқа бөлініп, үлкен аумақты қоқыстан тазалады, этноауылдағы үйлердің ауласын жинады, хайуанаттар бағы мен әскери техникалар тұрған аллеяны ретке келтірді.
– Республикалық акция аясында музей-қорықтың мамандары түгел сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын атқарды. 300-ден астам адам этногафиялық кешеннің аумағын тазалауға жұмылды. Айналамызды, қоршаған ортаны таза ұстау өзімізге де пайдалы әрі жас ұрпаққа үлгі, - деді Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографикалық және табиғи ландшафтық музей-қорығы қазақ этнографиясының меңгерушісі Данияр Мерғалиев.
Қыздар этноауылдағы әр ұлттың үйлерінің есік-терезесін жуып, ішін жинаса, ер азаматтар ауладағы қыстан қалған қоқысты шығарып, үйдің қоршауын реттеді.
– Қазір біз Қазақстан халқының тарихи құндылығы болып саналатын сәулет және тұрмыстық ескерткіштердің айналасын тазалап жатырмыз. Содан кейін үйлерді ретке келтіреміз. Тарихқа құрмет – маңызды міндет. Бұл сенбілікке мұражай қызметкерлері ғана емес, басқа мекемелердің де жұмысшылары белсене қатысып жатыр, – дейді облыстық сәулет-этнографикалық және табиғи ландшафтық музей-қорығының орыс бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев.
Акция барысында белсенділер этноауылдағы үйлерді тазалаумен қатар көшеттер, сәндік және бау-бақшалық өсімдіктер егуді жоспарлап отыр.
– Бұл - бай адамның үйі, Г әрпінің формасында салынғандықтан «глагол» деп аталады. Қазір үйдің іші-сыртын тазалап, ішіндгі экспонаттарды далаға жайып, кептіріп, жазда келушілерді қарсы алуға дайындап жатырмыз. Көктемде аулаға қырыққабат, сәбіз, асқабақ, картоп сияқты көкөністер егеміз. Күзде жиналған өнімді хайуанаттар бағына береміз. Сонымен қатар аулаға гүлдер егеміз, - деді Галина есімді этноауылдағы үйлердің бірінің қараушысы